Tехникалық өндірістік

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандарға жүк тасымалдау маршруты. Бастапқы жұмыстар

«ТеңізСервис» ЖШС (TС) модульдер мен басқа да жүктерді жеткізу үшін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шығыс жағалауын ашу мақсатында жүк тасымалдау маршрутындағы (ЖТМ) теңіз және жағалау құрылыстарын дайындауға тапсырыс беруші болып табылады. ЖТМ-ның мақсаты – аймақтағы жағалауда, жағалау маңында және теңізде орналасқан әртүрлі мұнай-газ кен орындарына тиісті құралдардың жеткізілуін қамтамасыз ету. ЖТМ-ның жобаланған құрылыстарының тізіміне Жүктерді түсіру құрылысының айлақтық кешенінен Теңіз кен орны аумағына дейін ірі өлшемді (салмағы 2000 т дейін) модульдерді жеткізу үшін қолданылатын автомобиль жолы кіреді. Бұл модульдер «Теңізшевройл» ЖШС-ның Келешек кеңею жобасын (ККЖ) жүзеге асыру үшін жеткізіледі. Тасымалдау әрекеті өздігінен жүретін модульдік тасымалдағыштардың (SPMT), модульдік тасымалдағыштардың (РМТ) және трейлерлердің (жалпы жүктемесі 2360 т) көмегімен орындалады, бұл ретте көлік негізінің ауданы 60 x 6,3 м2 және жолдың ені 9,3 м болған кезде 62 кПа дейінгі есептік жүктеме түзіледі.

Автокөліктерге арналған кірме тас жол салу ауданы Батыс Прорва кен орнының оңтүстік жағын бойлай созылған және Қазақстан Республикасы Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан.
Аудан орталығы Құлсары қаласы 135 км, ал облыс орталығы Атырау қаласы 375 км қашықтықта орналасқан. Жолдар желісі. Ауылдармен байланыс топырақты жолдар, ал аудандармен байланыс қатты жабынды жол арқылы орнатылады. Құрылыс аймағын облыс орталығымен асфальт және жартылай қиыршық тас төселген облыстық маңызы бар Ақтау-Атырау жолы байланыстырады. Ең жақын темір жол торабы Құлсары қаласынан, Бейнеу ауылы арқылы оңтүстікке қарай (Ақтау қ.) өтеді. Бұл торапта жол арқылы Прорва кен орнымен байланыстырылған Опорная бекеті орналасқан.

1. Гидромелиорациялық жұмыстар.
2. Топырақ карьерлерін дайындау және материалды тасымалдау.
3. Уақытша вахталық ауыл салу
4. Арқандап байлау бассейнін дайындау
5. Металл шегендеу арқалықтарын жеткізу және батыру
6. 14 км кірме автожол салу.
7. 4,5 км кірме жол салу.
8. Вахталық ауылға 2,8 км кірме жол салу.
9. Алаңдар мен үйінділерді үю.

«ЖТМ жобасы бойынша негізгі жұмыстарды орындау мерзімі – 2019 жылдың маусымы»

Жоғары деңгейге оралу
Рахмет
СІЗДІҢ ХАБАРЛАМАНЫЗ ЖІБЕРІЛУІ СӘТТІ ӨТТІ
Сайтқа артқа қайту
БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗДАР
Бізге сұрақ қойыңыз және біз мүмкіндігінше тезірек сізге жауап береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС НЫСАНЫ
Хабар жіберіңіз және біз сізбен хабарласамыз
ОТПРАВИТЬ РЕЗЮМЕ
Отправьте резюме и мы рассмотрим вашу кандидатуру
Резюме:
Файлды тіркеу