Tехникалық өндірістік

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі нысандарға жүк тасымалдау маршруты. Бастапқы жұмыстар

«ТеңізСервис» ЖШС (TС) модульдер мен басқа да жүктерді жеткізу үшін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шығыс жағалауын ашу мақсатында жүк тасымалдау маршрутындағы (ЖТМ) теңіз және жағалау құрылыстарын дайындауға тапсырыс беруші болып табылады. ЖТМ-ның мақсаты – аймақтағы жағалауда, жағалау маңында және теңізде орналасқан әртүрлі мұнай-газ кен орындарына тиісті құралдардың жеткізілуін қамтамасыз ету. ЖТМ-ның жобаланған құрылыстарының тізіміне Жүктерді түсіру құрылысының айлақтық кешенінен Теңіз кен орны аумағына дейін ірі өлшемді (салмағы 2000 т дейін) модульдерді жеткізу үшін қолданылатын автомобиль жолы кіреді. Бұл модульдер «Теңізшевройл» ЖШС-ның Келешек кеңею жобасын (ККЖ) жүзеге асыру үшін жеткізіледі. Тасымалдау әрекеті өздігінен жүретін модульдік тасымалдағыштардың (SPMT), модульдік тасымалдағыштардың (РМТ) және трейлерлердің (жалпы жүктемесі 2360 т) көмегімен орындалады, бұл ретте көлік негізінің ауданы 60 x 6,3 м2 және жолдың ені 9,3 м болған кезде 62 кПа дейінгі есептік жүктеме түзіледі.

Автокөліктерге арналған кірме тас жол салу ауданы Батыс Прорва кен орнының оңтүстік жағын бойлай созылған және Қазақстан Республикасы Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан.

Аудан орталығы Құлсары қаласы 135 км, ал облыс орталығы Атырау қаласы 375 км қашықтықта орналасқан. Жолдар желісі. Ауылдармен байланыс топырақты жолдар, ал аудандармен байланыс қатты жабынды жол арқылы орнатылады. Құрылыс аймағын облыс орталығымен асфальт және жартылай қиыршық тас төселген облыстық маңызы бар Ақтау-Атырау жолы байланыстырады. Ең жақын темір жол торабы Құлсары қаласынан, Бейнеу ауылы арқылы оңтүстікке қарай (Ақтау қ.) өтеді. Бұл торапта жол арқылы Прорва кен орнымен байланыстырылған Опорная бекеті орналасқан.

1. Қорғаныс бөгеттерін салу.
2. Бетон блокты төсеніштерді монтаждау.
3. Ауданы 15 Га буландырғыш тоғандар мен жаңбыр суын уақытша сақтауға арналған құрылыстар салу.
4. 70 метрлік байланыс мачтасын құрастыру, сырлау, монтаждау.
5. «Экстремалды су деңгейлері жағдайында жағымсыз әсерлерді кеміту шараларын енгізу» жобасы аясында HESCO габиондарын монтаждау және Prolock полимерлі қадалары мен болат құбырлар жиынтығын орнату

Жоғары деңгейге оралу
Рахмет
СІЗДІҢ ХАБАРЛАМАНЫЗ ЖІБЕРІЛУІ СӘТТІ ӨТТІ
Сайтқа артқа қайту
БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗДАР
Бізге сұрақ қойыңыз және біз мүмкіндігінше тезірек сізге жауап береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС НЫСАНЫ
Хабар жіберіңіз және біз сізбен хабарласамыз
ОТПРАВИТЬ РЕЗЮМЕ
Отправьте резюме и мы рассмотрим вашу кандидатуру
Резюме:
Файлды тіркеу