Tехникалық өндірістік

Батыс Қазақстан облысындағы Шынар кен орнында ГКДҚ-3 құрылысы аяқталуда.

12 маусым 2018

Батыс Қазақстан облысындағы Шынар кен орнында ГКДҚ-3 құрылысы аяқталуда. Газды кешенді дайындау қондырғысын пайдалануға беру өндіріс көлемін жылына 3,8 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Жайықмұнай» ЖШС хабарлағандай, бүгінде кен орнында шамамен 3,5 мың адам жұмыс істеуде. ГКДҚ-3 шеңберіндегі құрылыс және жабдықтарды монтаждау жұмыстары 3 жыл бұрын басталды. Мамандардың бағалауынша, ағымдағы сәтте кен орнындағы жалпы көмірсутегі қорларының төрттен бірінен кем мөлшері игерілген. Сондықтан игеру көлемін арттыру күн тәртібінде тұр. Негізгі тауар ретінде ГКДҚ-3 түгелдей қазақстандық нарыққа жеткізілетін табиғи газды өндіреді.

«2013 жылдан бастап өндіріс көлемін 25%-ға арттырдық. Бірақ бізге мұнай дағдарысы әсер етті. 2017 жылдың екінші жартысында инвесторлар көмірсутегіні игеру мен қайта өңдеу көлемін ұлғайту тапсырмасын алға қойды», - деп мәлімдеді «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Жомарт Дәркеев.

Қазір кен орны өзін электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Бұл 26 мегаваттық газ-турбина қондырғысын пайдалануға бергеннен кейін мүмкін болды. 7 мегаватт мөлшеріндегі артық электр энергиясын ішкі нарыққа жеткізу жоспарлануда. Бүгінде 23 мұнай, 21 газ-конденсат және 6 айдау ұңғымасында игеру жұмыстары жүргізілуде.

«Қолданыстағы ГКДҚ-ларда жылына 1,5 млрд текше метр газ және 176 мың текше метр сұйытылған газ өндіріледі. «Жайықмұнай» ЖШС-ның штаттық қызметкерлер саны 1 мың адамға жуық. Қазір кен орнында мердігер ұйымдарды қосқанда, шамамен 3,5 мың адам жұмылдырылған», - дейді «Жайықмұнай» ЖШС-ның кәсіп бастығы Берік Тәңірбергенов.

ГКДҚ-3 құрылысын осы жылдың күзінде аяқтау жоспарланып отыр. Іске қосу-жөндеу жұмыстары 6 айға жуық уақытқа созылады.

«Нысанды пайдалануға бергеннен кейін өндіріс көлемін екі есе арттырамыз. Халыққа жеткізілетін құрғақ газ өндіретін боламыз. Сондай-ақ автомобильдерге жанармай ретінде қолданылатын сұйытылған газ өндіреміз. Конденсат октан саны жоғары бензиндерді өндіру кезінде қолданылмақ. Сондай-ақ, біз Қазақстанда баламасы жоқ техникалық пропан өндіретін боламыз», - деп мәлімдеді «Жайықмұнай» ЖШС-ның құрылыс менеджері Александр Нурмухамедов.

2016 жылы БҚО-ның кен игеру өнеркәсібі 1,5 трлн теңге сомасындағы жұмыстарды орындады, бұл аймақтағы жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 88%-ын құрайды.

 
Источник: bnews.kz
 

Рахмет
СІЗДІҢ ХАБАРЛАМАНЫЗ ЖІБЕРІЛУІ СӘТТІ ӨТТІ
Сайтқа артқа қайту
БІЗГЕ ЖАЗЫҢЫЗДАР
Бізге сұрақ қойыңыз және біз мүмкіндігінше тезірек сізге жауап береміз
КЕРІ БАЙЛАНЫС НЫСАНЫ
Хабар жіберіңіз және біз сізбен хабарласамыз
ОТПРАВИТЬ РЕЗЮМЕ
Отправьте резюме и мы рассмотрим вашу кандидатуру
Резюме:
Файлды тіркеу